Елена Рыбакина да Уимблдонның төртінші айналымында ойнайды

Елена Рыбакина, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.07.2024 09:22 Сурет: instagram.com/wta
Қазақстандық теннисші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина да Уимблдон жарысының төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол үшінші кезеңде даниялық спортшы Каролин Возняцкиді 6:0, 6:1 есебімен оңай жеңді.

Елена матч кезінде тоғыз эйс жасап, төрт қос қателікке жол берді және 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.

Енді Рыбакина төртінші айналымда ресейлік теннисші, әлемнің 18-ракеткасы Анна Калинскаямен ойнайды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: