Соня Жиенбаева жасөспірімдер арасындағы Уимблдонның үшінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева жасөспірімдер арасындағы Уимблдонның үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
ITF жасөспірімдер рейтингіндегі 22-орында тұрған Соня Жиенбаева 10 шілдеде Уимблдон турниріндегі ойынын жалғастырды.
Қазақстандық жас теннисші екінші айналымда WTA әйелдер арасындағы әлемдік рейтингіде 559-орында тұрған жапондық Эни Койкені (19 ITF Juniors) 6:3, 6:4 есебімен ұтты.
Соня үшінші айналымда Рината Ямричевамен ойнайды. Словакиялық теннисші жасөспірімдер арасындағы әлемнің екінші ракеткасы, Australian Open Juniors 2024 турнирінің жеңімпазы.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript