Уимблдонның төртінші айналымында алғаш рет ойнаған қазақстандық теннисші WTA рейтингінде жоғарылады
Сурет: olympic.kz
"Уимблдон" турнирі аяқталған соң, әйелдер теннисі қауымдастығы жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Турнирдің жартылай финалында сүрінген Елена Рыбакина әлемдік рейтингтегі төртінші орнын сақтап қалды.
Ал осы бәсекеде төртінші айналымға дейін жеткен Юлия Путинцева алты сатыға жоғарылап, 29-орынға тұрақтады. Бұл Юлияның мансабындағы ең үлкен көрсеткіш.
Жұптық сында Анна Данилина екі сатыға жоғарылап, 50-орынға көтерілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript