"Ордабасының" бас бапкері команданың сәтсіздігі мен Чемпиондар Лигасынан ұшып кетуіне не себеп екендігін айтты
Сурет: бейнежазба скриншоты
"Ордабасының" бас бапкері Александр Седнев құраманың сәтсіздікке ұшырауын "ойында шабуыл нәтиже бермеді" және "біздің футболшылардың өткірлігі жеткіліксіз болды" деп түсіндірді. Толығырақ Zakon.kz материалында.
Бұл туралы ол Meta-ratings.kz-ке берген сұхбатында айтты.
"Біз нақты шабуыл жасадық деп айта алмаймын. Екі команда да шабуыл жасады. Біз де өз кезегімізде бірнеше қателіктер жібердік, атап айтқанда ішкі қорғаныс әлсіз болды. Қарсылас команда осы осал тұсты пайдаланды. Сондай-ақ, кейде қатты асықтық, кейде дайын доптарды дұрыс пайдалана алмадық. Біздің футболшылардың өткірлігі жеткіліксіз болды,- деп түсіндірді Седнев.
Бұған дейін хабарланғандай, шымкенттік "Ордабасы" 17 шілдеде Чемпиондар Лигасының квалификациясындағы ойында Молдовалық "Петрокуб" клубынан жеңіліп қалды. Ойын Кишиневтегі "Зимброу" стадионында өтіп, қазақстандық клубтың 1:0 есебіндегі жеңілісімен аяқталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript