Жаңалықтар тізбегі
0

ESPN нұсқасы бойынша ХХІ ғасырдың үздік теннисшісі анықталды

ESPN нұсқасы бойынша ХХІ ғасырдың үздік теннисшісі анықталды , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2024 12:19 Сурет: АТР
"Үлкен дулыға" турнирлерінің 20 дүркін чемпионы, әлемнің бұрынғы алғашқы ракеткасы швейцариялық теннисші Роджер Федерер ESPN нұсқасы бойынша ХХІ ғасырдың үздік теннисшісі болып танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екінші орында "Үлкен дулыға" турнирлерінің 24 дүркін жеңімпазы әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы серб теннисшісі Новак Джокович тұр. Үштікті 22 дүркін жеңімпаз испан теннисшісі Рафаэль Надаль аяқтады.

Рейтингті құрастыру кезінде басылымның бүкіл әлем бойынша филиалдары өз кандидатураларын ұсынды, содан кейін спорт сүйер қауым үміткерлерді дауысқа салды.

Федерер 2022 жылдың қыркүйегінде Лондондағы Лавер-2022 кубогында өнер көрсеткеннен кейін спорттан кетті. Ол өзінің қоштасу матчын 22 дүркін "Үлкен Дулыға" турнирінің чемпионы, бұрынғы әлемдегі алғашқы ракетка испандық Рафаэль Надальмен жұптық ойында өткізді.

Бұған дейін Рафаэль Надаль Олимпиадаға дайындығы туралы айтқан болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: