Қазақстан спортшысы академиялық ескек есуден іріктеу кезеңінде мәре сызығын бесінші болып кесті

Академиялық ескек есуден іріктеу кезеңі, Париж-2024, Владислав Яковлев, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2024 12:49 Сурет: olympic.kz
Парижде жазғы Олимпиада ойындарында академиялық ескек есуден іріктеу кезеңінің жарыс жолына Қазақстан ерлер құрамасы атынан Владислав Яковлев шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан спортшысы 2 000 метрлік жарыста алты спортшының арасында мәре сызығын бесінші болып кесті. Оның нәтижесі – 7:21,56.

Бірінші болып жаңазеландиялық Томас Макинтош келді.

Жарыс ережесі бойынша алғашқы үш спортшы бірден 1/4 финалға жолдама алады, ал 4-6 орын алғандар жұбаныш сынында өзара күш сынасатынын еске сала кетелік. 

"Яковлев бесінші болып келді. Алайда бұл тактикалық қадам екенін ескерткім келеді. Өйткені бәсекелестер өте мықты, тиісінше тартыс та күшті болды. Ертең ол қосымша сынға түседі", - деп olympic.kz отандық спортшының жаттықтырушысы Аслан Құсайыновтың сөзін келтіреді.

Айта кетсек, бұған дейін ҚР Туризм және спорт министрлігі Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында 27 шілдеде өнер көрсететін отандық спортшылардың тізімін жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: