Қазақстандық бадминтоншы алғашқы кездесуінде тізе бүкті

бадминтон, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2024 12:20 Сурет: olympic.kz
Париждегі Олимпиада ойындарында бадминтоннан іріктеу матчтары өтуде. Спорттың бұл түрінен Қазақстан намысын Дмитрий Панарин қорғап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

28 шілде күні қазақстандық спортшы алғашқы матчын өткізді. Оның қарсыласы – жапондық Кента Нишимото. 

Бұл кездесуде жапон спортшысы басым болды, есеп – 2:0 (21:5, 21:11).

Айта кетелік, Панарин іріктеу кезеңінде D  тобында өнер көрсетуде. Оның  келесі қарсыласы – канадалық Брайан Янг. 

Дмитрий Панарин бадминтоннан Олимпиадаға қатысқан алғашқы қазақстандық спортшы. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: