Нысана көздеу: Александра Ле Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды

Нысана көздеу: Александра Ле Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2024 14:01 Сурет: olympic.kz
Нысана көздеуден Қазақстан командасының мүшесі Александра Ле Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Александрра 10 метрге пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден іріктеу кезеңін алтыншы орынмен аяқтады. Ал финалға алғашқы сегіз спортшы өткенін естеріңізге саламыз. 

Арина Алтухова 627.7 ұпаймен 17-орын алды. 

Аралық нәтиже бойынша, бірінші орында кореялық Хьеджин Бан орналасты. Ол іріктеуде жиған ұпайы бойынша (634.5) олимпиадалық рекорд орнатты.

Спортшылар медальға ертең, 29 шілде күні таласады. 

Айта кетелік, кеше Александра Ле мен Ислам Сәтпаев аралас командалық жарыста үшінші орын алып, ел қоржынына алғашқы медальді салған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: