Эльмир Әлімжанов Олимпиаданың 1/8 финалында өнер көрсетеді

Шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасының ең тәжірибелі мүшесі Эльмир Әлімжанов 2024 жылғы Олимпиаданың 1/16 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлімжановтың қарсыласы франциялық Луиджи Мидльтон болды. Қарсыластар өте тартысты жекпе-жек өткізіп, жеңімпаз бір ұпай айырмашылығымен анықталды.
Кездесу 15:14 есебімен Эльмирдің жеңісімен аяқталды.
Еске салайық, бұған дейін cемсерлесуден Қазақстан командасының мүшесі Руслан Құрбанов Олимпиада ойындарын жеңіспен бастағанын жазған едік.
Жекелей сынды Құрбанов 1/16 айналымнан бастады. Ол алғашқы қарсыласы Хуссам Элькордты 15:13 есебімен ұтты.
Оның ендігі қарсыласы – Олимпиада чемпионы Ромен Каннон (Франция).
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript