Қазақстан теннисшілері Олимпиада ойындарын тегістей аяқтады
Сурет: АТР
Париждегі Олимпиада ойындарында аясында теннис турнирі де өтіп жатыр. Қазақстан атынан соңғы болып кортқа шыққан Александр Бублик пен Александр Недовесов жұптық сында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық жұп бразилиялық тандем - Тиаго Монтейро мен Тиаго Уайлдтан 4:6, 4:6 есебімен жеңілді.
Кездесудің ұзақтығы 1 сағат 14 минутты құрады. Осы уақыт аралығында отандастарымыз үш эйс орындап, төрт рет қосарлас қателікке жол берді, төрт брейк-пойнттың бір де біреуін сәтті жүзеге асыра алмады. Осылайша, 2024 жылғы Олимпиаданың теннис турнирінде Қазақстан өкілдері жарыс жолын тегістей аяқтады.
Бұған дейін еліміздің екінші ракеткасы Александр Шевченко Париждегі Олимпиада ойындарының бірінші раундында жеңіліп қалған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript