Қазақстан командасы семсерлесуден үздік алтылыққа енді
Сурет: olympic.kz/Турар Казангапов
Қазақстандық семсерлесушілер Париж Олимпиадасын алтыншы орынмен аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, бесінші орынға таласта қазақстандықтар Италия құрамасына есе жіберді.
"Париж Олимпиадасындағы командалық сынның ширек финалында қазақстандықтар Венгрияға жол берген болатын. Кейін 5-8 орынға таласу құқығын алып, алдымен Египетті жеңді. Алайда, италиялықтардан ұтылып қалды",- делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстан командасының намысын Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов, Ерлік Сертай және Вадим Шарлаимов қорғады.
Бұған дейін Нұрбек Оралбай Олимпиада ойындарының жартылай финалына шыққаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript