Жаңалықтар тізбегі
0

Мырзағали Айтжанов: Жігіттер қолдан келгеннің бәрін істеді

Париж, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2024 00:56 Сурет: olympic.kz
Бокстан Қазақстан командасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Париж Олимпиадасындағы ширек финал жекпе-жектерін қорытындылады, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

"Жігіттер қолдан келгеннің бәрін істеді, аянып қалмады. Бірақ кімнің қолын көтерді, сол жеңімпаз болып қалады.

Өкініштісі сол, Париж Олимпиадасы ең нашар ойын болып тұр біздің боксшыларға. Токиода екі қола болсақ, қазір оған да жете алмай қалдық.

Бибосынов пен Досматовтың кездесуіне келер болсақ, менің ойымша, Сәкен жеңді. Бірінші және екінші раундты Сәкенге беруге болады. Ал үшінші раундта 3:2 есебіне біз де, қарсылас та лайық болдық.

Енді біз қолдан келгенше аянбадық. Қалғанын ринг көрсетті", - дейді Айтжанов. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: