Әбиба Әбужақынова командалық жарыстан кейін өз пікірін білдірді

Әбиба Әбужақынова командалық жарыстан кейін өз пікірін білдірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2024 14:27 Сурет: olympic.kz
Дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Әбиба Әбужақынова командалық жарыстан кейін өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Olympic.kz.

"Біз командалық жарысқа алғаш рет лицензия алып тұрмыз. Оның өзінде, толық құраммен алмадық. Сондықтан, көпшілігіміз жоғары салмақта белдестік.

Соған қарамастан, жақсы нәтиже тіркеп, ерлік  көрсеттік деп ойлаймын. Жүлдеге жақындай алмағанымыз өкінішті, десе де, біз алдағы ойындарға толық құраммен келеміз деген сенімдемін.

Жанкүйерлерді қуанта алмағанымыз үшін кешірім сұраймын", - деді Әбиба. 

Айта кетейік, бүгін, 3 тамызда 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиадада дзюдодан аралас командалар арасындағы жарыс басталды.

Қазақстан 1/8 финалда Бразилия құрамасымен кездесті.  

Қазақстан құрамасы Бразилияға 2:4 есебімен жол берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: