Милад Карими: Жанкүйерлерге алғыс айтамын, көпсайыста 24-орында қалдың деп сөккен жоқ
Еркін жаттығудан финалда өнер көрсеткен Карими 14.500 ұпаймен алғашқы бестікке енді.
"Іріктеу кезеңі мен көпсайыстың финалы мен үшін сәтсіз өтті. Көп қателік жібердім. Бірақ көпсайыстан соң жиналып, бүгінгі еркін жаттығудың финалдық кезеңіне жақсы дайындалдым.
Негізі, медаль аламын деген ой болған. Бірақ төрешілер шешімі осындай болды.
Токио Олимпиадасының финалында мен кілем сыртына шығып кеткен едім. Ал бұл жолы бәрін ойдағыдай орындап шықтым.
Осы орайда, мен қазақстандық жанкүйерлерге алғысымды айтамын. Көпсайыста 24-орында қалдың деп сөккен жоқ. Бәрі қолдауын, алғысын жолдап жатыр. Содан күш алып, бүгін жақсы өнер көрсеттім.
Ал көпсайысқа келер болсам, мен бұл жаттығуда жүлдеге үміткер болмадым", - дейді Карими.