4 тамызда Олимпиадада Қазақстанның туын ұстаған Сафронова жарысқа шығады: бағдарлама
Сурет: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстандық атлеттердің 4 тамызға арналған жарыс кестесін ұсынамыз.
Жарыс кестесінде өзгерістер болуы мүмкін.
Тікелей көрсетілімді Qazsport, Qazaqstan, "Хабар", El Arna және Jibek Joly арналарынан көруге болады.
Кесте Астана уақытымен көрсетілген.
Нысана көздеу, ерлер. Тапанша, 25 метр. Іріктеудің алғашқы кезеңі
Никита Чирюкин
Басталуы: 12.00
Стенд ату, әйелдер (скит). Іріктеудің екінші кезеңі
Әсем Орынбай
Басталуы: 12.30
Жеңіл атлетика, кедергілер арқылы 3000 метрге жүгіру (әйелдер). Бірінші айналым
Нора Джеруто, Дэйзи Джепкемей
Басталуы: 13.05
Жеңіл атлетика, 200 метр (әйелдер). Бірінші айналым
Ольга Сафронова
Басталуы: 13.55
Жеңіл атлетика, 110 метрге кедергілер арқылы жүгіру (ерлер). Бірінші айналым:
Давид Ефремов
Басталуы: 14.50
Бокс, 80 келі (ерлер). Жартылай финал
Нұрбек Оралбай - Кристиан Пиналес (Доминикан Республикасы)
Басталуы: 15.52
