Париж-2024: Назым Қызайбай, Нора Джеруто және өзге де ел спортшыларының 6 тамыздағы өнер көрсету бағдарламасы

Париж-2024: Назым Қызайбай, Нора Джеруто және өзге де ел спортшыларының 6 тамыздағы өнер көрсету бағдарламасы , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2024 09:05 Сурет: Instagram/boxingkazakhstan
6 тамыз күні Назым Қызайбай, Нора Джеруто және тағы 9 қазақстандық спортшы Париждегі Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Туризм және спорт министрлігінің ақпаратынша, біздің үздіктер спорттың бес түрі бойынша сынға түседі.

  • жеңіл атлетика,
  • байдарка мен каноэде есу,
  • грек-рим күресі,
  • құзға өрмелеу,
  • бокс.

Сурет: Туризм және спорт министрлігі

Жеңіл атлетикада 3000 м кедергілер бойынша медаль ойналады (Н. Джеруто) Бокста 50 кг салмақтағылар арасында Н. Қызайбай жартылай финалға шығады, ал қалған 2 спорт түрінен іріктеу кезеңі өтеді.

Осылайша, 6 тамызда Қазақстан құрамасы спорттың 1 түрі бойынша 1 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Олимпиаданың 5 тамыздағы нәтижелерін мына жерден оқи аласыз. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: