Путинцева Торонтодағы турнирге қатыспайды
Сурет: ktf.kz
Қазақстан теннис федерациясы еліміздің екінші ракеткасы Юлия Путинцеваның Торонтодағы WTA-1000 турниріне қатыспайтынын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бірнеше ақпарат көздерінде тараған жалған ақпаратқа байланысты федерация Путинцеваның Торонтодағы турнирге қатыспайтынын ресми түрде растады.
"WTA талаптарына сәйкес, барлық жетекші теннисші осы деңгейдегі турнирлерге олардың басталуынан бірнеше ай бұрын автомат түрде тіркеледі. Юлия бұрын алған жарақатына байланысты Торонтода ойнай алмайды", - деп хабарлады теннис федерациясы.
Федерацияның хабарлауынша, Юлия Путинцеваның командасы ұйымдастырушыларға турнирден шығу туралы ресми өтініш жолдады, алайда турнир жүйесіндегі ақпарат біраз уақыттан кейін ғана жаңартылады.
"Қазақстан теннис федерациясы сауалдарға әрқашан ашық екенін атап өтіп, БАҚ өкілдерін жалған деректерді пайдаланбауға және сұрақтарға ресми жауаптарды алу үшін ҚТФ-ға хабарласуға шақырады", - делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript