Жаңалықтар тізбегі
0

Тағы бір финал: Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының алтын жүлдесіне таласады

Демеу Жадыраев, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2024 21:37 Сурет: olympic.kz
Грек-рим күресінен Қазақстан командасының өкілі Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

77 келі салмақта сынға түскен Демеу жартылай финалда әзербайжандық Санан Сүлеймановтан басым түсті.

Финал ертең, 7 тамызда өтеді. Қазақстандық балуан Париж Олимпиадасының алтын жүлдесін жапониялық Нао Кусакамен сарапқа салады.

Еске салайық, ширек финалда Демеу Жадыраев екі дүркін әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Ақжол Махмұдовты жеңген еді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: