Жаңалықтар тізбегі
0

Ресейлік боксшы гендерлік сынақтан өте алмаған алжирлік Иман Хелифті шаршы алаңға шақырды

Ресейлік боксшы гендерлік сынақтан өте алмаған алжирлік Иман Хелифті шаршы алаңға шақырды , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2024 09:53 Сурет: Instagram/azaalinka/imane_khelif_10
Ресейлік боксшы Азалия Аминева гендерлік сынақтан өте алмаған алжирлік Иман Хелифпен жекпе-жегі туралы пікірін айтты. Айта кетейік, олар 2023 жылы бақ сынасқан болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

RT мәліметтері бойынша, Аминева үшінші раундта Хелифті нокдаунға жібергенін атап өтіп, үлкен күш айырмашылығын сезінбегенін айтты.

"Менің ойымша, екі жылдан кейін мен онымен рингке қайта шығып, реванш ала аламын". Ресейлік боксшы Азалия Аминева

Ресейлік боксшы Хелифпен 2023 жылы Үндістанда өткен әлем чемпионатында кездесті. Шаршы алаңда Амина қарсыласын нокдаунға жіберсе де, қорытынды нәтижеде жеңіліс тапты.

Осылайша Алжирден келген боксшы Иман Хелиф финалға шыққан.

Қазір Хелиф Парижде Олимпиада чемпионы атағы үшін күресті жалғастыруда. Ол айналасындағы көптеген сын мен алып-қашпа сөздерге қарамастан, өзінің биологиялық әйел екенін дәлелдей алды.

Бүгінгі, 7 тамыздағы қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін мына жерден көре аласыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: