Қазақстан сапынан Олимпиадаға қатысқан ең жас атлет жарысты аяқтады

Париж , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2024 17:31 Сурет: olympic.kz
Таеквондодан Қазақстан командасының мүшесі Батырхан Төлеуғали Париж Олимпиадасының ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Батырхан 1/8 айналымда екі дүркін әлем чемпионы, италиялық Симоне Алессиомен кездескен болатын. 

Тартысты жекпе-жекте тәжірибелі италиялық спортшы 2:0 есебімен жеңіске жетті. 

Алғашқы айналымда Батырхан малилік Исмаил Кулибалимен кездесіп, қазақстандық спортшы 2:1 есебімен жеңген еді.

Айта кетейік, Батырхан Төлеуғали - Қазақстан сапынан Олимпиадаға қатысып жатқан ең жас атлет. Бұл - 18 жастағы спортшының тұңғыш Олимпиадасы. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: