Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық би-бой: Оқыс жағдай кезінде әкем мен атам көз жұмды, өз жолымды көрсеткім келді

Әмір Зәкиров, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2024 09:20 Сурет: olympic.kz
Брейкингтен Қазақстан командасының мүшесі Әмір Зәкиров Париж Олимпиадасын қорытындылады, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

"Маған өнер көрсетуім қашан да ұнайды. Дегенмен төрешілердің өз талаптары бар. Жеңу үшін белгілі бір би түрін көрсету қажет. Ал мен әркез өз қалауымша билеуге тырысамын, спортта болу керек ережелердің жетегінде кеткім келмейді. Өкінішке қарай, сол ережеге сай мен бірінші, екінші не үшінші орында да емеспін. Бірақ өзіме көңілім толды.

Атмосфера өте жақсы. Мен үшін достарым жанымда болуы маңызды. Өз адамдарым барын білсем, өзімді жақсы сезінем.

Кішкентай мемлекеттердің тумасына бұндай деңгейде өнер көрсету қаншалықты қиын екенін білемін. Қысым жоғары. Мысалы, Еуропа, Америка үшін бұл қалыпты жағдай. Біздің жүріп өткен жолымыз қиын, сол үшін қатты қобалжимыз. Дегенмен бәрі де мүмкін. 

Мен Солтүстік Қазақстан тумасымын. Бұл аймақтан басқа атлеттер бар-жоғын білмеймін. Өзіңе сенсең, бәрі де мүмкін дегім келеді. 

Бүгінгі менің мақсатым жеңіс емес, осы Олимпиаданы, брейкингті тамашалаған жас ұрпақты шабыттандыру. Спортшы үшін сәл ерекше киіндім. Үстімдегі киімнің бәрін достарыммен жасадық.

Кеудемде еңбек ауылы бейнеленген. Балалық шағым өткен үйімнен түсірілген сурет. Өкінішке қарай, бірнеше жыл бұрын бұл жерде өрт шықты. Оқыс жағдай кезінде әкем мен атам көз жұмды. Сондықтан бүгін брейкинг арқылы өз отбасымды, ауылдан шыққан жолымды көрсеткім келді. Мен үшін бұл өте маңызды. Бұл қолымнан келді деп ойлаймын" - деді Зәкиров.

Еске салайық, қазақстандық би-бой Әмір Зәкиров Олимпиаданың жартылай финалына шыға алмады.

Ширек финалда Әмір америкалық Victor-ға қарсы шыққан болатын. 

Қарсыластар үш раундтық басталды өткізіп, қарсылас 3:0 есебімен жеңіске жетті.  

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: