Олимпиададан кейін бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілді
Сурет: pixabay
Қазақстан боксында кадрлық өзгерістер орын алды. Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша кеңес өткізілді. Бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, бұл шешім ҚР дене шынықтыру және спорт істері бойынша комитетімен мақұлданды. Оған сәйкес:
- Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметтен босатылды.
- Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
Жаңа бапкерлік құрам кейінірек таныстырылады.
Айта кетсек, ХХХ III Олимпиада ойындарында қазақстандық боксшылар екі медаль жеңіп алды. Нұрбек Оралбай 80 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанса, ал Назым Қызайбай 50 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript