Паралимпиада-2024: Еліміздің көк туын алып шығу жауапкершілігі кімге жүктелетіні белгілі болды

Паралимпиада-2024:  Еліміздің көк туын алып шығу жауапкершілігі кімге жүктелетіні белгілі болды , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2024 10:19 Сурет: Instagram/sevdaalieva
Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев Париждегі Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан делегациясының ту ұстаушысының есімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

sportarena.kz ақпараты бойынша еліміздің көк туын алып шығу жауапкершілігі ату командасының құрамында қатысатын Севда Әлиеваға жүктеледі.

Әлиева Халықаралық паралимпиада комитетінің шешімімен Паралимпиада лицензиясын жеңіп алған болатын. Сонымен қатар, ол арба биі бойынша әлем чемпионы.

Севда Әлиеваның айтуынша, бұл оқиға ол үшін үлкен мәртебе.

Паралимпиада ойындары 28 тамыз бен 9 қыркүйек аралығында Парижде өтеді.

Айта кетейік, елімізден 9 спорт түрінен 33 спортшы қатысады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: