Бокстан жастар құрамасы Үндістанда бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізді
Сурет: olympic.kz
Қыздар боксынан Қазақстан командасы Үндістанда жаттығу жиынын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Аға жаттықтырушы Жангелді Ахметов бастаған әйелдер боксынан Қазақстан жастар командасы үнді спортшыларымен тәжірибе алмасып, екі апталық жиынға қатысты.
Құрама сапындағы 12 боксшы күнделікті жаттығудан бөлек, 4 рет спаррингтік жекпе-жектер де өткізген.
Бұл қазан айында өтетін әлем чемпионатына дайындық кезеңі. Елдегі бір апталық демалыстан соң, боксшы қыздар Польшадағы халықаралық турнирге аттанады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript