Әбиба Әбужақынова өзінің жаңа сыйлығын көрсетті

Әбиба Әбужықанова өзінің жаңа сыйлығын көрсетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2024 09:36 Сурет: Instagram/abiba48
22 тамызда Париждегі Олимпиада ойындарының қатысушысы Әбиба Әбужақынова оқырмандарымен жаңа сыйлықтың фотосуреттерімен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дзюдошының Instagram парақшасындағы жазбасынан бұл сыйлық оған "Jenys" дзюдо спорт клубынан берілгені белгілі болды.

"Клубтың капитаны ретінде алған бүгінгі көлік мені бұдан кейін де тоқтамауға, тынбай еңбектенуге тағы бір себеп деп ойлаймын, челлендж деп қабылдаймын.". Әбиба Әбужақынова

Оның сөзінше, Олимпиада ойындары өмірін түбегейлі өзгерткен.

"Бұл — бір күндік емес, көп жылдық еңбенімнің, маңдай теріммен, тынымсыз жаттығулардың нәтижесінде жеткен сый деп қабылдаймын",- деді спортшы.

Бұған дейін оған Zeekr автокөлігі тарту етілгені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: