Бокстан жастар арасындағы Еуразия кубогі: Қазақстан боксшылары 13 медаль жеңіп алды
Сурет: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті
Ресейдің Чита қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы Еуразия кубогы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл - Қазақстан құрамасы үшін қазан айында Черногорияда өтетін әлем чемпионатына дайындық кезеңі. Бірінші құраммен барған жастар командасы 13 жүлде еншіледі:
- 67 келіде Төрехан Сабырхан турнир жеңімпазы атанды.
- 57 келіде Жансері Көшербаев;
- сондай-ақ 80 келіде Мадияр Бексұлтанов финалда төрешілер шешімімен жергілікті боксшыларға жол беріп, күміс жүлдеге ие болды.
- 10 спортшы қола жүлдегер атанды: 51 келіде Бексұлтан Боранбек, 54 келі салмақта Әділбек Қожахан, 54 кгелі салмақта Әли Мұрат, 57 келі салмақта Бауыржан Мұратов, 63,5 келі салмақта Асылхан Көшербай, 63,5 келі салмақта Ахмет Үсен, 71 келі салмақта Өнер Сейілхан, 75 келі салмақта Санжарәли Бегалиев, 80 келі салмақта Дамир Синеев, 92 келі салмақта Аслан Елдібайұлы.
Айта кетсек, жастар құрамасының аға бапкері қызметін атқарған Қайрат Сәтжанов тамыз айында ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне тағайындалды. Қазіргі уақытта жастарды Бағдат Оңғарбеков жаттықтыруда
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript