Лаура Ғаниқызы әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады

Лаура Ғаниқызы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2024 21:30 Сурет: olympic.kz
Испанияда өтіп жатқан күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде қазақстандық балуан қола медальға таласты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Лаура Ғаниқызы әйелдер күресінен 50 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күрескен болатын. 

Өкінішке қарай, швейцариялық Свенджа Джунгоға қарсы кездесуде қазақстандық балуан жеңіліп қалды. 

Тартысты белдесуде Лаура Ғаниқызы 4:7 есебімен қарсыласқа жол берді. 

Осылайша, қазақстандық спортшы әлем біріншілігін бесінші орынмен аяқтап отыр. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: