"Ойбай, Елдос Сметов!". Олимпиада чемпионы чат-рулетканы пайдаланып көрді

Елдос Сметов, чат-рулетка, Қызық Times , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2024 22:36 Сурет: видеодан алынды
Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов "Қызық Times" бағдарламасында қонақта болып, теле жүргізушілермен бірге чат-рулетканы сынап көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тікелей эфирге еліміздің түкпір-түкпірінен түрлі жастар кезек-кезек қосылды. Баса айта кетер жайт, үлкенінен кішісіне дейін барлығы дерлік чемпионды таныды.

"Құтты болсын, брат!", деп кейбірі бір көргеннен оны құттықтап жатса, кейбірі таңданысын жасыра алмай: "Сізді мұннан көремін деп ойламаппын", - деді ашыла. Тіпті, бір кішкентай бала: "Ойбай, Елдос Сметов", деп оны көргеніне қатты қуанып, қос қолымен санын шапақтады.  

Қыздар қауымы Сметовты көрген бойда: "Бұл мамасының баласы емес пе", деп шуласты.

Спортшы "қандай мамасы" деп сөздерін түсінбегенін айтты. "Мамасының баласы" дегенім жоқ, анаңызбен бірге шықтыңыз ғой, соны айтып жатырмын", - деді. Осылайша жастар жағы Олимпиада чемпионын танитынын, оның әрбір әрекетінен хабардар екенін білдірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: