Александр Шевченко АТР 250 Almaty Open турнирінің ширек финалына шықты

Александр Шевченко АТР 250 Almaty Open турнирінің ширек финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2024 22:17 Сурет: ktf.kz
Әлемнің 61-ракеткасы Александр Шевченко Алматыда өтіп жатқан ATP 250 турнирінің екінші айналымында ресейлік Аслан Карацевті (139 ATP) 6:1, 6:7 (5:7), 7:5 есебімен жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Теннисшілер осымен екінші рет кездесіп отыр, бұған дейін де Шевченко жеңіске жеткен. 

Матч 2 сағат 21 минутқа созылды. Шевченко бірде-бір қос қателік жасамай, бес брейк-пойнттың үшеуін cәтті пайдаланды.

Қазақстандық теннисші енді ATP 250 Almaty Open турнирінің ширек финалында аргентиналық Франсиско Серундоломен ойнайды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: