Карен Хачанов Almaty Open чемпионы атанды

Карен Хачанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2024 17:50 Сурет: ktf.kz
Әлемнің 26-ракеткасы Карен Хачанов Almaty Open чемпионы атанды. Ол финалда әлемнің 118-ракеткасы, канадалық теннисші Габриэль Диалломен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресейлік теннисші қарсыласын үш сетте 6:2, 5:7, 6:3 есебімен жеңді.

Карен Хачанов матч кезінде алты эйс жасап, бір қос қателік жіберді және 19 брейк-пойнттың алтауын сәтті пайдаланды.

Ал канадалық Габриэль Диалло жеті эйс пен алты брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды.

Сурет: ktf.kz

Ал турнирдің жұптық сындағы финалдық кездесуінде үндістандық жұп Арджун Кадхе мен Ритвик Чудари Боллипалли тунистік-колумбиялық дуэт Скандер Мансури мен Николас Баррьентосты 3:6, 7:6(3), 14:12 есебімен ұтты.

Beeline Janymda. Қазақстанда ең кең таралған мобильді интернет.

Серіктестік материал

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: