Әйелдер күресінен Жәмилә Бақбергенова Тиранадағы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Әйелдер күресінен Жәмилә Бақбергенова Тиранадағы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2024 19:30 Сурет: olympic.kz
Күрестен Қазақстан командасы көшбасшыларының бірі Жәмилә Бақбергенова Тиранадағы (Албания) олимпиадалық емес салмақта әлем чемпионатының финалына шығу үшін күреседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемдік турнирде спортшы ел намысын 72 келіге дейінгі салмақта қорғайды. 

Бақбергенова жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтап, молдовиялық қарсыласы Эмилия Кречунды жеңді. 

Ширек финалда балуан чехиялық Адела Ханзличкованы 6:3 есебімен ұтқан. 

Жартылай финалда ол Монғолиядан келген Болортунгалаг Зоригтке қарсы тұрады.

Айта кетейік, біздің команданың үш өкілі жартылай финалға өте алмады. Зульфия Яхьярова (55 келіге дейінгі салмақта), Диана Каюмова (59 келіге дейінгі салмақта) және Ирина Казюлина (65 келіге дейінгі салмақта) алғашқы жекпе-жектерінде-ақ тізе бүкті.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: