Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Сурет: instagram/zhankoshturarov
Алматы полиция департаменті 29 қазанда Zakon.kz сайтына "қыз зорлады" деп айыпталған бокстан әлем чемпионы Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылғанын хабарлады.
Әуезов аудандық полиция басқармасы боксшыға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы 1-тармағы бойынша қылмыстық істі тергеді.
"Іс жүргізу аясында сот-медициналық және сот-биологиялық сараптама жүргізіліп, қорытындысы бойынша зорлау фактісі расталмады. 2024 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы, 2-тармағының 1-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы түпкілікті шешім қабылданды", - деп хабарлады полиция.
Бұл шешіммен Әуезов ауданының прокуратурасы да келіскен.
2024 жылғы 21 тамызда әлеуметтік желілерде боксшы Жанкош Тұраровты "әйел зорлады" деген хабар тарады. Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс басталып, сараптама тағайындалғанын мәлімдеді. Кейін Жанқош Тұраровтың өзі айыптаулардың жалған екенін мәлімдеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript