Жанна Үмітқұлова арбадағы теннистен халықаралық турнирдің финалисі атанды
Сурет: ktf.kz
Грекияның Месин қаласында арбадағы теннистен ITF Wheelchair Tennis Tour турнирі аяқталды. Ақтөбелік Жанна Үмітқұлова өз спорттық жолында жұптық сында алғаш рет осындай деңгейдегі жарыстың финалына дейін жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық спортшы латвиялық, әлемнің 66-ракеткасы Диана Никифоровамен бірге чемпиондық атақ үшін соңғы бәсекеде ғана болгариялық Зоя Чавдарова — румыниялық Кристина Деакқа жол берді — 2:6, 3:6.
Биылғы наурызда Паттайяда (Таиланд) арбадағы теннистен BNP PARIBAS WORLD TEAM CUP командалық әлем чемпионатының Азия аймағы бойынша іріктеу кезеңі өткен болатын.
Іріктеу сайысына алғаш рет Қазақстан ерлер және әйелдер құрамалары қатысып, бақ сынады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript