Астанада самбодан әлем чемпионаты басталды
Сурет: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгін, 8 қарашада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында спорттық және жауынгерлік самбодан ересектер арасындағы әлем чемпионатының шымылдығы түрілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елімізде екінші рет ұйымдастырылып жатқан байрақты бәсекеде әлемнің 80 мемлекетінен келген 470 спортшы бақ сынайды. Ал ел намысын 28 спортшы қорғап жатыр.
Жарыстың ашылу салтанатына ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев қатысып, сайысқа түсетін саңлақтарға сәттілік тіледі. ⠀
Айта кетейік, самбодан еліміздегі алғашқы әлем чемпионаты 2005 жылы Астанада өтіп, жерлестеріміз бір алтын, үш күміс, алты қола медаль жеңіп алған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript