Қазақстандық спортшылар Италия мен Венгрияда өткен халықаралық турнирлерде екі қола жүлде жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар Италия мен Венгрияда өткен халықаралық турнирлерде екі қола жүлде жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2024 11:20 Сурет: olympic.kz
Қазақстанның үстел теннисі құрамасының спортшылары Алан Құрманғалиев пен Жәния Бекмұхамбетова WTT Youth Contender турнирінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бекмұхамбетова Италияның Линьяно қаласында өткен турнирде қола медаль жеңіп алды. 11 жасар спортшы 13 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста табысты өнер көрсетті. Ол Джулия Фернандесті (Испания) 3:0, жарыс қожайындары Каролина Росси және Джулия Троззоны 3:0, Симона Дурисованы (Словакия) 3:0, Надалия Ионаскуды (Румыния) 3:0 есебімен жеңді. Жартылай финалда Жәния Тайбэйден келген Ли Джэн-Юэге 0:3 есебімен есе жіберіп, үшінші орынды иеленді.

Ал Құрманғалиев Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен WTT Youth Contender Szombathely 2024 халықаралық турнирінде үшінші орынға ие болды. Ол 17 жасқа дейінгі жас санатында алты жеңіске қол жеткізіп, бір рет жеңіліс тапты. Қазақстандық спортшы Анхбаяр Билгууны (Моңғолия) 3:0, Штифт Лайонелді (Австрия) 3:0, Джузеппе Каларконы (Италия) 3:1, Сэмюэл Михнуды (Польша) 3:1, сонымен қатар словакиялық Михаил Ловгуды 3:1, Антуан Нуароны (Франция) 3:2 есебімен жеңді. Жартылай финалда Алан венгриялық Балаж Лэиге 2:3 есебімен жол берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: