Жәния Бекмұхамбетов Италиядағы турнирдің қола жүлдегері атанды

Жәния Бекмұхамбетов Италиядағы турнирдің қола жүлдегері атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2024 12:25 Сурет: Үстел теннисі федерациясы
Италияның Линьяно қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender Lignano 2024 халықаралық турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

13 жасқа дейінгі ойыншылар арасында отандасымыз Жәния Бекмұхамбетова қола жүлдегер атанды.

Жәния жарыс барысында Джулия Фернандес (Испания) 3:0, Каролина Росси (Италия) 3:0, Джулия Троззо (Италия) 3:0, Симона Дурисова (Словакия) 3:0, Надалия Ионаскутты (Румыния) 3:0 есебімен жеңді.

Жартылай финалда Ли Джэн-Юэден (Қытайдың Тайпейі) 0:3 есебімен жеңіліп, 3-орында қалды.

Қазір 11 жастағы қостанайлық спортшыны Юлия Даниярова жаттықтырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: