Юлия Путинцеваның жеңісінен кейін Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды

Юлия Путинцева, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2024 17:22 Сурет: ktf.kz
Астанада Билли Джин Кинг кубогы аясында Қазақстан мен Корея плей-офф матчында есеп 3:0-ге жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сайыстың екінші күні кортқа Елена Рыбакинаның орнына әлемнің 29-ракеткасы Юлия Путинцева шықты.

Ол дүниежүзілік рейтингіде 418-орында тұрған Ку Ен Вумен шеберлік байқасты.

Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 7:5 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы қалған ойындардың нәтижесіне қарамастан, алдағы жылы сәуірде өтетін Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңіне жолдама алды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: