Қазақстандық спортшылар 2-8 желтоқсан аралығында қандай жарыстарда бақ сынамақ

Қазақстандық спортшылар 2-8 желтоқсан аралығында қандай жарыстарда бақ сынамақ , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2024 09:14 Сурет: Instagram/fencing_fie
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі ағымдағы аптадағы спорттық іс-шаралар кестесін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, Мысырдың Каир қаласында 3-9 желтоқсан аралығында Пара жүзуден әлемдік кезең өтеді. Жарысқа әлемнің 15 елінен 150 спортшы қатысады. Ел намысын 5 отандасымыз қорғайды.

Ал, 3-10 желтоқсан аралығында гандболдан Азия чемпионаты Үндістанда, Нью-Дели қаласында өтпек.

Сондай-ақ, еліміздің 8 спортшысы Сербияның Нови-Сад қаласындағы додада бақ сынамақ. Спорттық гимнастикадан халықаралық турнир 4-10 желтоқсан аралығына ұйымдастырылған.

Семсерлесуден халықаралық "Гран-При" турнирі болса, 5-7 желтоқсан аралығында Францияда жоспарланған.

Дзюдодан Grand Slam турнирі 5-8 желтоқсан аралығында өтеді. Қазақстандық 6 балуан қатысатын жарыс Токио қаласына болады.

Сондай-ақ, дәл осы уақытта республикалық құсбегіліктен турнир ұйымдастырылған. Еліміздің барлық өңірінен 70 спортшы қатысатын дода Алматы қаласында болмақ.

Бахрейндегі ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 6-15 желтоқсан аралығына жоспарланған. Әлемдік додада 5 спортшымыз сынға түседі.

Бұған дейін Әмір Омарханов Мексикадағы беделді турнирдің чемпионы атанғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: