Бокстан АЧ-2024: Қазақстан құрамасынан 19 боксшы жартылай финалға шықты
Осылайша Қазақстан құрамасынан 19 боксшы жартылай финалға шықты, деп жазады Sports.kz.
Ерлер арасында медальдан үміткерлер: Санжар Тәшкенбай (48 кг), Махмұд Сабырхан (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг), Диас Молжігітов (75 кг), Ерасыл Жақыпбеков (80 кг), Бекзат Нұрдәулетов (86 кг), Сағындық Тоғамбай (92 кг) және Айбек Оралбай (92+ кг).
Әйелдер арасында алдымен "қолаға" таласатындар: Әйгерім Сатыбаева (48 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Ұлжан Сәрсенбек (57 кг), Виктория Графеева (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Милана Сафронова (66 кг), Наталья Богданова (70 кг), Диана Мағауяева (75 кг), Гүлсая Ержан (81 кг).
Турнирді бірден финалдан бастайтын Елдана Талипованы (81+ кг) ерекше атап өткен жөн, ол қазірдің өзінде күміс медальді иеленіп тұр.