Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында он жартылай финалдың тоғызында жеңіске жетті

Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында он жартылай финалдың тоғызында жеңіске жетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2024 08:32 Сурет: olympic.kz
Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионатының ерлер арасындағы жартылай финалдық кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасының он боксшысы жартылай финалда өнер көрсетіп, тоғыз отандасымыз финалға шықты.

  • 48 келіге дейін: Санжар Тәшкенбай жапондық Казума Аратакені сенімді түрде жеңді.
  • 54 келіге дейін: Махмұд Сабырхан тайландтық Саравут Сукхтеттен басым түсті.
  • 57 келіге дейін: Оразбек Асылқұлов моңғолиялық Лундаа Гантумурды жеңіп, финалға өтті.
  • 67 келіге дейін: Дулат Бекбауов тәжікстандық Шухрат Саломатовтан айласын асырды.
  • 71 келіге дейін: Абылайхан Жүсіпов тағы бір тәжік боксшысы Шохобжон Шукуровты жарыстан шығарды.
  • 75 келіге дейін: Диас Молжігітов украиналық Павло Илюшаны жеңіп, финалға жолдама алды.
  • 80 келіге дейін: Өкінішке ұарай, Ерасыл Жақпеков өзбекстандық Турабек Хабибуллаевқа жол берді.
  • 86 келіге дейін: Бекзат Нұрдәулетов украиналық Данило Жасанды жеңіп, финалға шықты.
  • 92 келіге дейін: Сағындық Тоғамбай жартылай финалда қытайлық Туймяо Люді мерзімінен бұрын жеңіп, финалға өтті.
  • 92 келіден жоғары: Айбек Оралбай өзбекстандық Джаһонгир Зокировты жеңіп, алтынға таласатын болды.

Ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектер 11 желтоқсанда өтеді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: