Қазақстандық могушылар Бакуриани қаласында өтетін әлем кубогында өнер көрсетеді
Сурет: olympic.kz
Фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңі Бакуриани қаласында (Грузия) өтеді. Жарыстар 19 желтоқсанда басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бірінші күні ерлер арасындағы жарыстардың іріктеу кезеңі өтеді. Қазақстан құрамасы атынан Павел Колмаков, Антон Бондарев, Федор Бугаков және Максим Емельянов қатысады.
Жекелей могул бойынша негізгі жарыстар 20 желтоқсанда өтеді. Ал келесі күні параллель могул бойынша жүлделер сарапқа салынады.
Қазақстан әйелдер командасынан Юлия Галышева, Анастасия Городко және Аяулым Әмренова өнер көрсетеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript