Қазақстан үстел теннисінен әлем чемпионатын өткізуге өтінім берді

Қазақстан үстел теннисінен әлем чемпионатын өткізуге өтінім берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.01.2025 15:43 Сурет: olympic.kz
Халықаралық үстел теннис федерациясы (ITTF) 2027-2029 жылдар аралығындағы әлем чемпионаттарын өткізуге түскен барлық өтінімді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2027 жылы әлем чемпионатын өткізуге ниет білдірген елдердің қатарына Қазақстан да кірді. Сондай-ақ, үміткерлер қатарында Бразилия, Қытай, АҚШ және Франция бар.

Өтінімдердің толық тізімі төмендегідей:

  • 2027 жылғы әлем чемпионаты: Бразилия, Қытай, Франция, Қазақстан, АҚШ.
  • 2028 жылғы командалық әлем чемпионаты: Қытай, Ирак, Италия, Жапония.
  • 2029 жылғы әлем чемпионаты: Аустралия, Бразилия, Қытай, Германия, Ирак, АҚШ.

Соңғы шешім 2025 жығы 27 мамырда ITTF-тің жыл сайынғы жалпы жиналысында қабылданады. Онда Халықаралық федерацияның 227 мүшесі чемпионатты өткізу құқығы үшін үміткерлерге дауыс береді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: