Қазақстанда таеквондодан "Мұстафа Өзтүрік жүлдесі" марапаты тағайындалды

Қазақстанда таеквондодан "Мұстафа Өзтүрік жүлдесі" марапаты тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2025 23:15 Сурет: olympic.kz
1 ақпанда Астанада Қазақстандық таеквондо федерациясының ұйымдастыруымен "Мұстафа Өзтүрік жүлдесі" марапатын табыстау салтанаты өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шара барысында өткен жылды қорытындылап, 2024 жылы жоғары жетістіктерге жеткен және бұл спорт түрінің дамуына айтарлықтай үлес қосқан спортшылар, бапкерлер мен төрешілер марапатталады.

"Мұстафа Өзтүрік жүлдесі" жыл сайын берілетін марапатқа айналады. Ол тек қазақстандық таеквондоның үздік өкілдерінің жетістіктерін атап қана қоймай, елімізде бұл спорттың дамуына үлкен үлес қосқан ұлы шебердің есімін мәңгі есте сақтауға мүмкіндік береді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: