Азия чемпионы ҚР Ауыр атлетика федерациясында лауазымды қызметке тағайындалды

Бірнеше дүркін чемпион Мадина Астамирова Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясының бірінші вице-президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы федерацияның 2025 жылғы 6 ақпандағы мәлімдемесінен белгілі болды.
Мадина Астамирова - ауыр атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Қазақстан рекордшысы.
Сондай-ақ, спортшының келесідей жетістіктері бар:
- 2010 жылғы қыздар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері,
- 2011 жылғы қыздар арасындағы Азия чемпионы,
- ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі (2009-2013 жж.);
- ҚР Олимпиада құрамасының мүшесі (2012-2014 жж.).
2023 жылдан бастап Федерацияның Бас хатшысы қызметін атқарды.
Бұған дейін Тимофей Скатовтың Үндістандағы турнирдің екінші айналымына өткендігі хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript