Азиада-2025: Қазақстан құрамасы алғашқы медальды иеленді

Қазақстандық спортшылар Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында алғашқы медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан спортшылары шорт-тректен аралас эстафетада күміс медаль жеңіп алды.
Шешуші жарыста еліміздің намысын Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан және Малика Ермек қорғады.
Бұл сайыста Оңтүстік Корея құрамасы жеңімпаз атанса, Жапонияға қола медаль бұйырды.

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Үздік үштікке қол созған қытайлық спортшылардың жолы болмады. Бұл - Харбинде өтіп жатқан Азиада-2025 ойындарындағы Қазақстан құрамасының алғашқы медалы.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript