Қазақстан-Жапония: Хоккейден ұлттық құрама қатарынан төрт рет жеңіске жетті

8 ақпанда Харбинде (Қытай) өтіп жатқан қысқы Азия ойындары аясында шайбалы хоккейден топтық кезеңде Қазақстан құрамасы Жапониямен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жапониялықтар бірінші кезеңнің алғашқы минуттарында есепті ашқанымен, Қазақстан құрамасы көп ұазамай есепті теңестіре алды. Оның үстіне тағы үш шайба үстемелей де алды. Нәтижесінде ұлттық құрама 1:4 есебімен Жапониядан басым түсті.
Гол авторлары:
Окубо (Оцу, Цутсуми) - 01:28
- 1:1 - Борисевич (Оспанов, Буяльский) - 15:00
- 1:2 - Бекетаев (Савицкий, Колесников) - 31:58 Б
- 1:3 - Рымаев (Бекетаев, Оспанов) - 35:15 Б
- 1:4 - Старченко (Рымаев, Омирбеков) - 45:19.
Айта кетейік, 10 ақпанда Қазақстан Оңтүстік Кореяға қарсы ойын өрнегін көрсететін болады. Матч Астана уақытымен 9:00-де басталады.
Қазақстан командасы "А" тобына Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Таиланд және Тайван командалымен қатар түсті. Әзірге, біздің хоккейшілер жеңісті төрт ойында да иеленді. Қарсыластардан тек Оңтүстік Корея қалып тұр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз