Азия ойындары-2025: шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы овертаймда Оңтүстік Кореяны жеңді

Азия ойындары-2025: шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы овертаймда Оңтүстік Кореяны жеңді, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2025 15:24 Сурет: olympic.kz
Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Харбинде өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Топтық кезеңнің соңғы ойынында ұлттық құрама Оңтүстік Кореямен кездесті.

Негізгі уақытта есеп ашылмағандықтан, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда Александра Шегай жеңіс шайбасын соқты.

Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы төрт матчтың қорытындысы бойынша В тобын бірінші орынмен аяқтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: