Шорт-тректен әлем чемпионаты: Әділ Ғалиахметов пен Ольга Тихонова жартылай финалға өтті

Шорт-тректен әлем чемпионаты: Әділ Ғалиахметов пен Ольга Тихонова жартылай финалға өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2025 19:11 Сурет: olympic.kz
Бейжіңде (Қытай) шорт-тректен әлем чемпионаты басталды. Турнир аясында ерлер арасындағы 1500 метр қашықтыққа жүгіруден іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ширек финал қорытындысы бойынша қазақстандық Әділ Ғалиахметов келесі кезеңге өтті.

Өз жарысында ол екінші болып мәре сызығын кесіп, әлем чемпионатының жартылай финалына тікелей жолдама алды.

Ал Ольга Тихонова 1500 метр қашықтықтағы ширек финалдық сайыста сәтті өнер көрсетті.

Сурет: olympic.kz

Өз жарысында үшінші болып мәре сызығын кескен Тихонова, көрсеткен нәтижесінің арқасында әлем чемпионатының жартылай финалына өтті.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: