17-23 наурыз аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесі

17-23 наурыз аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2025 17:21 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық спортшылар 17-23 наурыз аралығында ел, Азия чемпионаттарында, әлем кубогы кезеңдерінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

17-21 наурыз: Пара пауэрлифтингтен командалық және жастар арасындағы ел чемпионаты

Біріншілікке еліміздің 17 өңірінен 150-ден астам спортшы қатысады.

Өтетін орны: Талдықорған қ.

18-24 наурыз: Спорттық гимнастикадан Әлем кубогі кезеңі

Қазақстан атынан 6 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Анталия қ., Түркия.

20 наурыз: Ұлттық ойындар бойынша көрсетілімдер

Ойын түрлері: теңге ілу, садақ ату, қыз қуу, көкпар, асық ату, құс баптау, атқа міну дәстүрі.

Өтетін орны: Астана қ., "Арғымақ" ат спорты және денсаулықты сақтау кешені.

20-23 наурыз: WKF каратэден жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионаты

Чемпионатқа еліміздің 16 өңірінен 400 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Тараз қ.

21-23 наурыз: Биатлоннан Әлем кубогінің 9-кезеңі

Қазақстан құрамасынан 7 спортшы сынға түседі.

Өтетін орны: Осло қ., Норвегия.

21-24 наурыз: Шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогі кезеңі

Ел намысын 2 отандасымыз қорғайды.

Өтетін орны: Лахти қ., Финляндия.

21-24 наурыз: Көркем гимнастикадан Aphrodite Cup халықаралық турнирі

Ел құрамасы сапынан 16 спортшы сынға түседі.

Өтетін орны: Афина қ., Греция.

21-25 наурыз: Альпинизмнен ел чемпионаты

Ішкі біріншілікке 10 өңірден 80 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Алматы обл.

22-25 наурыз: Пара дзюдодан Әлем кубогі

Ел намысын 10 спортшы қорғайды.

Өтетін орны: Тбилиси қ., Грузия.

22 наурыз – 1 сәуір: Су полосынан U20 Азия чемпионаты (ерлер мен әйелдер)

Аталған жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысады.

Өтетін орны: Сингапур қ., Сингапур.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: