Қазақстандық спортшылар 10-16 наурыз аралығында қандай жарыстарда ел намысын қорғайды

Қазақстандық спортшылар 10-16 наурыз аралығында қандай жарыстарда ел намысын қорғайдыҚазақстандық спортшылар 10-16 наурыз аралығында қандай жарыстарда ел намысын қорғайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2025 15:52 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық спортшылар 10-16 наурыз аралығында ел, Азия және әлем чемпионаттарына қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

10-15 наурыз: Биатлоннан IBU кубогінің 8-кезеңі

Жарысқа Қазақстан құрамасынан 4 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Отепя қ., Эстония. 

10-18 наурыз: Пара жүзуден Әлемдік кезең

Халықаралық жарыста 5 спортшымыз өнер көрсетеді.

Өтетін орны: Линьяно-Саббьядоро қ., Италия. 

11-14 наурыз: Пара үстел теннисінен ITTF World Para Future Costa Brava 2025 турнирі

Әлемдік сайыста 5 спортшымыз ел намысын қорғайды.

Өтетін орны: Коста-Брава қ.,Испания. 

12-13 наурыз: Шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогі кезеңі

Жарыста ел құрамасынан 2 спортшы жүлдеге таласады.

Өтетін орны: Осло қ., Норвегия. 

13-16 наурыз: Конькимен жүгіруден жекелей қашықтықтағы әлем чемпионаты

Қазақстан құрамасынан 5 спортшы бақ сынайды.

Өтетін орны: Хамар қ., Норвегия. 

13-17 наурыз: Дәстүрлі садақ атудан "Жақсығұл мерген" атындағы Азия кубогі

Жарысқа 10 елден 100-ден астам спортшы қатысады. Олардың қатарында, Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Иран, Ресей, Пәкістан, Үндістан, Түркменстан және Қытай мемлекеті бар.

Өтетін орны: Шымкент қ. 

14-16 наурыз: Шорт-тректен әлем чемпионаты

Қазақстан құрамасынан 10 спортшы жүлдеге таласады.

Өтетін орны: Бейжің қ., Қытай. 

14-16 наурыз: Семсерлесуден Гран-при жарысы

Бұл турнирге 14 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Будапешт қ., Мажарстан. 

14-16 наурыз: Велоспорттан Ұлттар кубогі турнирі

Жарыс жолына 9 спортшымыз шығады.

Өтетін орны: Конья қ., Түркия. 

14–16 наурыз: Каратэден Karate1 Premier League турнирі

Бәсекеде ел құрамасынан 13 спортшы сынға түседі.

Өтетін орны: Ханчжоу қ., Қытай. 

14-17 наурыз: Таэквондодан ересектер мен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты

Ішкі біріншілікке 15 облыстан 500 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Орал қ. 

15-16 наурыз: Фристайл-могулдан әлем чемпионаты

Ел намысын 7 спортшы қорғайды.

Өтетін орны: Энгадин қ., Швейцария.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: